Израильдің АҚШ-қа әсері

Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

Израильдің АҚШ-қа әсері

Америка Құрама Штаттарының жаһандық саясатына қарағанымызда,  принцип жағынан көптеген сынымыз болса да,  осы саясаттың мүддеге сай жүргізілетін бір шындығының бар екенін байқауға болады.  Америка Құрама Штаттарының Таяу Шығыс саясатына қарағанда болса, принципті былай қойғанда,  өз елінің, яғни Америка халқына пайдалы саясат жүргізгенін айту өте қиын.

Әлем елдерінің барлығының қарсы шығуына,  БҰҰ-дағы дауысқа салуда бірнеше «құйрық ел» тысында жалғыз қалғанына қарамастан Америка Құрама Штаттарының Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде қабылдау шешімі Америка халқына принципте және материалдық жағынан қандай пайда тигізген болуы мүмкін?

Сирияда Америка Құрама Штаттарының не істегісі келетінін, мақсатының орынды түсініктемесі бар ма?

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультетінің деканы Проф. Др. Күдрет Бүлбүлдің мақаласын ұсынамыз.

     Өзі де террорлық ұйым деп қабылдаған PKK-ның Сириядағы жалғасы болып саналатын YPG-ге АҚШ-тың ашық қолдауының ақылға қонатын түсініктемесі бар ма?

Түркияға құқай көрсету...

      Соңғы рет АҚШ президенті Дональд Трамп террорлық ұйым YPG-ні атқылаған жағдайда,  экономикасына қауіп төндіретінін айтып,  Түркияға құқай көрсетті.

Әрине Түркия Америка Құрама Штаттарынан үрейленбейді, шекарасында бір террорлық ұйымға рұқсат етпейді.  Ондаған жылдар бойы өзіне және бейбіт халыққа қарсы әртүрлі лаңкестік жасаған бір ұйымның шекарада мемлекет құруына көрермен болып қалмайды.  Америка Құрама Штаттарының ашық қорқытуларына қарамастан,  Түркияның негізгі мақсаты өз аймағындағы террорлық ұйымдар болғандықтан АҚШ-қа қарсы салқынқанды қозғалады.  Бірақ Түркия айласыз емес. Қажет болса Америка Құрама Штаттарымен барлық қарым-қатынастарын қайтадан қарап шығатын үрдісті бастатуы мүмкін.  Өз болашағы үшін ашық қауіп төндіретін бір үрдістің алдын алу мақсатында Түркия керек болса Америка Құрама Штаттарымен барлық қарым-қатынастарын тоқтатуды да қосқанда барлық шараны қолданады.  Түркия қазір бұрынғы Түркия емес. 

    Америка Құрама Штаттарының Таяу Шығыста иррационалдығының рационалдығы бар ма?

Осы жерде Америка Құрама Штаттарының Таяу Шығыста неге өзіне пайда келтірмейтін, иррационалды саясат жүргізгені туралы сұрақ туындайды.

Иерусалим шешімінде болғаны секілді неге әлемнің барлық елдерін қарсысына алады?

Түркиядан толығымен айрылып қалу ықтималы болса да өзі де террорлық ұйым деп мойындаған бір ұйымның Сириядағы құйрығын Түркияға қарсы қолдап отыр? Ал Америка Түркиямен қаншама жыл НАТО-да одақтас.

Неге түріктер,  арабтар және күрдтер қате түсінетін бір тіл қолдануда?

Терроризмге ашық қолдау берумен қатар аталатын АҚШ пікірін өз қолымен жаратуда?

Америка Құрама Штаттары бұлардың барлығын неге істеп отыр?

Израиль факторы

Америка Құрама Штаттары осылардың барлығына мәлімдеме жариялауда.  Бірақ бұл мәлімдемелердің ешбірі ақылға қонымды емес.

Америка Құрама Штаттарының алдын ала болжауға болмайтын, иррационалды саясаттарына қарағанда,  аймағымызда жалпы Израильмен қатысты жағдайларда осындай ақылға қонымсыз іс істегенін байқауға болады.  Америка Израильге қатысты жағдайларда өз мүдделерін де шетке тастайтын түрде орынсыз, жөнсіз қозғалады.  Израильдің аты аталғанда Америка Құрама Штаттарының ақылға қонымсыз саясаттарының әрине Америка Құрама Штаттарына да,  Израильге де,  сионист емес еврейлерге де ауыр құны бар.

Израильдің АҚШ-қа құны?

АҚШ мүдделерінің есептелмеуі: Замандас дәуірде сыртқы саясаттың ұлттық мүдделер үшін жүргізілгені жиі айтылады.  Ал Израиль жөнінде әңгіме болғанда Америка Құрама Штаттары өз мүдделерінен бас тартады.

Әділет,  еркіндік, адам құқықтары секілді ғаламдық құндылықтар және бейбітшілікті қолдайтын әлем халықтарына қарсы шығу: Израильдің экспансиялық және басып алушы саясаттарына әрдайым қолдау беру әрине адам баласының ұжданын ауыртады,  Америка Құрама Штаттарына қарсылықты арттырады.

Аймақ елдерін, аймақ халықтарын өзіне дұшпан қылу: Таяу Шығыста тек Израильмен санасатын бір саясат жүргізуі, аймақ елдеріне қарсы қорқытатын тіл қолдануына елдер үнсіз қалса да,  аймақ халықтарында бұл қатты ашу туғызады.

АҚШ сыртқы саясатының Израильге байланысты мәселе болғанда тәуелсіздігінен айрылып қалуы

Израильді одан сайын шабуылдаушы қылуы: Америка Құрама Штаттарының Израильге бағытталған ақылға қонбайтын ұстанымы мен қолдауы Израильдің тоқтатылуы керек шабуылдаушы,  экспансиялық және қырғынға дейін баратын саясаттарын арттырады.

Анти-семитизмнің артуы: Израильге берілген шартсыз қолдау,  Израильдің артып отырған шабуылдаулары мен адамдыққа жатпайтын істері – әлемде артқан анти-семитизмнің ең маңызды себептерінің бірі.  Әрине нәсілшілдік кімге қарсы болса,  қайдан келсе де еш қабылданбауы керек.

Израильдің қауіпсіздік рискін арттыруы: Америка Құрама Штаттарының Израильге беріп отырған сансыз қолдауы жалпы алғанда Израильдің қауіпсіздігіне де үлес қосатын емес,  қауіпсіздік үрейін одан сайын арттыратын бір саясат болып саналады. Егер Израиль орынды саясат жүргізсе,  шабуылдаушы ерекшеліктерін тастаса аймақта наразылық азаяр еді.

Өзіне қысқа және ұзын мерзімде,  Израильге болса ұзын мерзімде жеңіліс әкелгеніне қарамастан Америка Құрама Штаттары Израильге берген иррационалды қолдауын неге жалғастыруда? Бұл басқа бір мақаланың тақырыбы. Қазірге Израиль лобиясының бар күші және асыра сілтеуіне қарамастан АҚШ-та азаматтардың иррационалды саясатты, әлемнің ең ірі елінің шағын бір елдің артынан еріп кетуін қолдамайтынын айтып қана қоялық.

 



Ұқсас жаңалықтар