Түркия-Америка қатынастары

Апталық анализ - 1

Түркия-Америка қатынастары

 Соңғы екі аптада болған оқиғалар 2019 жылдың екі ел қатынастары  тұрғысынан үлкен риск және мүмкіндіктер алып келетінін көрсетеді.  Осы аяда әрі S400-F35 мәселесінде, әрі Сириядағы қалыптаса бастаған жаңа динамикада екі ел арасындағы байланыс және координация қарым-қатынастардың болашағын едәуір анықтайды.

Түрік-Америка қарым-қатынастары соңғы жылдары бірде жақсарып, бірде құлдырап жалғасып келеді.  Соңғы 4 жыл ішінде YPG бастаған көптеген дағдарыспен кез келген қарым-қатынастар екі аптадағы оқиғалармен жаңа бір бетбұрысқа келді.  Алдымен S400 дағдарысы 2019 жылы түрік-Америка қарым-қатынастарының негізін қалыптастырады деген кезде, АҚШ билігі бір мезгілден бері келіссөздері жалғасқан Патриот жүйесінің саудасының жүзеге асырылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл жағдай әрине өз ішінде көптеген жұмбақты қамтиды.  Сыртқы істер министрлігі тарапынан жасалған осындай хабарламадан кейін екі тарап арасында техникалық және қаржы мәселелері бойынша саудаласу үрдісі басталатыны белгілі.  Алайда осы сату шешімінің Америка Құрама Штаттарының Түркияны S400 алуына байланысты бір үмітінің нәтижесі болып болмағаны белгісіз.  Америка Құрама Штаттары әкімшілігі Патриот саудасын қайтадан  S400 алмау шартына тәуелді қылса,  екі ел арасында қайтадан жаңа келіспеушілік шығуы мүмкін.  Одан әрі соңғы кезде ақшасы төленген F-35-тердің Түркияға тапсырылуының S-400 әуе қорғаныс жүйесі мәселесіне байланыстырылуы керек екені жөніндегі қысымдар нәтиже беріп, АҚШ осындай шешім қабылдаса,  бұл да келіспеушіліктің басқа жағы ретінде ортаға шығады.

Түркияның S-400 жүйесін алуы тақырыбында шығуы мүмкін басқа бір проблема да Америка Құрама Штаттарында CAATSA деп аталатын,  Ресеймен қорғаныс ынтымақтастығы ішінде болған алаңдарда қатынас құрған елдерге санкция жүргізу шешімінің күшіне енуі нәтижесінде болады. Осындай жағдайда екі ел арасында әсіресе қорғаныс өнеркәсібі секторында қиын кезең басталады. Түркияның S-400 тақырыбында қазірге дейінгі мәлімдемелеріне қарағанда, АҚШ тарапында осы тақырыпта ортаға шыққан үміт Вашингтон әкімшілігінің Анкараның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі уайымдарын толық түсінбегенін көрсетеді.

Патриот шешімінен кейін Америка Құрама Штаттары екінші бір маңызды мәлімдеме жариялап,  Сириядан АҚШ әскерлерінің кететінін хабарлады. Бұндай жағдай бұдан бұрын  күн тәртібіне келген болса да, шешімнің берілу уақыты мен хабарландырылу түрі Америка Құрама Штаттарында үлкен шайқалысқа себеп болды.  Алдымен Қорғаныс министрі Мэттис, артынан ДАИШ-пен күреске жауапты өкіл МакГурк міндеттерінен отставкаға кетті. Президент Трамптың осы шешімінен кейін екі елдің қарым-қатынастарының болашағы үшін маңызды мүмкіншіліктер ортаға шықты. ДАИШ-ке қарсы күресте нығаятын бір ынтымақтастықпен Америка Құрама Штаттары аймақтан кететін кезде Түркиямен қамдалатын координация орта мерзімде екі ел үшін маңызды ынтымақтастық алаңының туындауына жол ашуы ықтимал.  Трамптың екі лидер арасындағы телефон әңгімесінен кейін жариялаған жазбаларындағы логистикалық қолдау және координация осы жерде Сирияда тұрақтылық пен артынан саяси шешім үрдісінде мықты ынтымақтастықты алып келуі мүмкін.  Алайда осы шешімнің орындалуы сатысында Түркиямен жеткілікті түрде координация қамдамау және өзара жоспар тақырыбында туындайтын көзқарас айырмашылықтары өзімен бірге жаңа проблемалар ала келуі де ықтимал. Аймақта әскери күшімен орын алған мемлекеттерден басқа аймақтық тұрақтылық және қауіпсіздік үшін террорлық ұйымдардың алаңда болуы үлкен қауіп төндіреді. Әсіресе YPG-нің екі ел арасындағы ынтымақтастықтан мазасыз болуы және осы ынтымақтастықты бұзатындай рол ойнауы үлкен мәселе шығаруы мүмкін.  Осы қауіптердің қатарында екі ел арасында жүргізілетін ашық ынтымақтастық, операцияларда көрсетілетін үйлесімділік, екі астана арасында мықты және ықпалды байланыс каналы қалыптастырылуы өте маңызды.



Ұқсас жаңалықтар